Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда коронавирустан 61 адам көз жұмды

Елордада 5984 адамға коронавирус диагнозы қойылды, олардың ішінде 61 адам көз жұмған. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов онлайн брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

covid

Алтай Көлгінов қаладағы эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат берді. Ол коронавируспен ауырған науқастар мен көз жұмғандардың нақты статистикасымен бөлісті. 

"COVID-19 тіркелген адамдардың саны - 5984 адам, олардың 54% -ы емделді немесе 3248 адам вирусты жеңді. Өкінішке орай, 61 адам қайтыс болды", - деді елорда әкімі Алтай Көлгінов ОКҚ-да өткен онлайн-конференция барысында.

Оған қоса, Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігері Сәуле Қисықова коронавирустан көз жұмғандарды қалай анықтайтыны туралы айтып берді. 

"Коронавирустан көз жұмғандар саны туралы ақпарат арнайы комиссия шешімі бойынша шығарылады. Қазір жағдай қалыпты. Көз жұмғандар туралы ақпаратты бірден халыққа жеткізіп отырамыз. Өсім байқалмады, жағдай қалыпты", - дейді Қисықова.

Нұр-Сұлтан қаласында ашылған қосымша стационарлар бойынша әкім толыққанды мәлімет берді. Карантин басталған уақытта 3 стационар (1000-ға жуық орын) болса, қазіргі уақытта стационар саны 13-ке (немесе 3700-ден астам орын бар) көбейген.

"Қазіргі уақытта оның 87%-ы толды. Дәрігерлер азаматтарды емдеу үстінде.  Жүкті әйелдерге арнайы перинаталды орталық ашылды. Республикалық ұлттық ғылыми орталығында 240 орын аштық. Оның 40 орны - реанимация, кардиоорталықта 60-тан астам ауыр халдегі азаматтарға арналған реанимация ашылды. №1 аурухана толықтай коронавирус стационарына ауысты. Ол жердегі пациенттер басқа аурузханаға жіберілді. "Ramada Plaza" қонақүйінде 500 орындық стационар ашылды. Оның 60%-ы науқастармен толтырылды", - дейді Көлгінов. 

Соңғы мәліметтерге сәйкес, республикада коронавирус жұқтырған 49 683 адам тіркелген. 16298 адам сауығып, 264 науқас аурудан қайтыс болды. Өткен тәулік ішінде Қазақстанда коронавирус инфекциясы бар 1109 науқас анықталды.

Талқылау