Ең жасы 49-да: Нұр-Сұлтанда тағы жеті адам коронавирустан көз жұмды

️Нұр-Султан қаласында коронавирус індетінен 7 науқас көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша 5 ер адам және екі әйел ауыр инфекциядан көз жұмды. 1961, 1941, 1959, 1946 және 1951 жылдары туған ер азаматтар және 1971, 1958 жылдары дүниеге келген әйел адамдар. 

Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирустық инфекциядан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдады.

Қазақстан бойынша барлығы 147 адам қайтыс болды.

Естеріңізге сала кетейік, осы уақытқа дейін елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны 20 мыңға жуықтағаны белгілі болған. Елімізде бір тәулікте коронавирус белгілері жоқ 883 тасымалдаушы тіркелді.

Сонымен қатар, Қазақстанда коронавируспен ауыратын науқастарды есепке алуға арналған мобильді топтар құрылды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр