Нұр-Сұлтанда коронавирусқа байланысты карантиндік шаралар күшейтіледі
Нұр-Сұлтанның бас санитар дәрігері Жанна Пірәлиева карантинді күшейту туралы қаулы шығарды, деп хабаралайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Кептеліс уақытында автобустар санын көбейтуді және қоғамдық көліктердегі барлық есіктерді ашуды тапсырды. Жексенбіде автобустар жүрмейді, қалған күндері - 6.00-ден 23.00-ге дейін қозғалады.
Мәдениет объектілеріне, яғни кітапханаларға, мұражайларға, галереяларға, көрмелерге 65 жастан асқан азаматтарды кіргізуге тыйым салынады.
Театрлардағы қойылымдарға бір уақытта 50-ден аспайтын адам қатыса алады.
Нұр-Сұлтанда ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларға, оның ішінде көптеген қонақтары бар тойлар мен митингтерге тыйым салынады.
Бұл қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”