Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өз бетінше емделмекші болған: Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған науқас ауруханаға жеткізілген соң екі күннен кейін көз жұмған

Нұр-Сұлтан қаласында көз жұмған науқас туралы деректер айтылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

пациент

Науқас - 1950 жылғы Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны.

Мамандардың сөзінше, тұрғын өз бетінше емделгісі келген: дене қызуын түсіретін дәрілер ішіп, жедел жәрдем шақыртпаған.

11 сәуірде желел жәрдем бригадасымен провизорлық стационарға ауыр халде жеткізілген. Осыған байланысты шұғыл реанимация бөліміне жатқызылды.

Науқас келіп түскен сәттен бастап бар аурулардың салдарынан үдемелі нашарлауы байқалды. Қосымша диагноздары: аорта-коронарлық шунттау, ЖИА, артериялық гипертензия, қант диабеті.

Жүргізілген қарқынды терапияға қарамастан, полиоргандық, яғни тыныс алу, жүрек және бүйрек жетіспеушілігінің белгілері өскен.

Қарқынды терапияға қарамастан, 2020 жылдың 13 сәуірінде сағат 22:20-де жүрек қызметі тоқтады. Реанимациялық іс-шаралар толық көлемде жүргізілді, 23:40 минутта биологиялық өлім анықталды.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда коронавирус көз жұмған тағы екі науқас тіркелгені жайлы айтылған еді. 

 

Талқылау