Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда көпқабатты үйдің терезесінен екі бала бірге құлап кетті

Нұр-Сұлтандағы көпқабатты үйдің терезесінен екі бала құлады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ІІМ Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап хабарлады.

Нұр-Сұлтанда көпқабатты үйдің терезесінен екі бала бірге құлап кетті

«Кеше 112 консоліне Қапал көшесі 1/1 үйінің терезелерінен құлаған балалар туралы хабарлама келді. Ересектер қараусыз қалдырған 2011 және 2013 жылы туған балалар 4-қабаттағы пәтердің терезесінен құлап кетті. Олар №2 балалар ауруханасына түрлі дене жарақаттарымен жатқызылды», - деп атап өтті жедел жәрдем бөлімінде.

2019 жылдың басынан бері 14 оқиға тіркелді (2018 жылы - 21), оның ішінде 1-і өліммен аяқталды (2018 жылы -8), 13-і ауруханаға жатқызылды (2018 жылы -13).

Статистикаға сәйкес, көп жағдайда балалардың құлауы балаларды ата-аналарының қараусыз қалдыруы және жақын жердегі ересектердің немқұрайлылық салдарынан болады.

Талқылау