Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда көпір өртке оранды

Нұр-Сұлтанда Сарайшық көшесінің бойындағы Арқар көпірі өртенді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"14 шілде күні сағат 16.27-де Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаментіне өрт туралы қоңырау келіп түскен. Келген кезде Сарайшық көшесінің бойында Арқар көпірінің тіректерінде электр сымы жанып жатқаны анықталды", –  деп хабарлады төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Оқиға орнына AРЭК қызметі электр кабельдерін ажырату бойынша жұмыс істеуге шақырылды.

"Осыдан кейін өрт сөндірушілер тез арада өртті жоюға кірісті. Өрт 17.54-те оқшауланып, 18.05-те жойылды. Зардап шеккендер жоқ", – деп хабарлады ТЖД.

Дана Русланқызы
Бейсенбі, 14 Шілде, 2022 20:35
Талқылау