AAPL
132.3 $
1.41 %
TSLA
620.83 $
-0.4 %
NDAQ
178.78 $
1.7 %
GOOGL
2436.25 $
1.42 %
FB
332.29 $
0.8 %
FRHC
61.68 $
1.65 %
AAPL
132.3 $
1.41 %
TSLA
620.83 $
-0.4 %
NDAQ
178.78 $
1.7 %
GOOGL
2436.25 $
1.42 %
FB
332.29 $
0.8 %
FRHC
61.68 $
1.65 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда көп балалы аналар министрлік алдында тағы да шу шығарды

Нұр-Сұлтандағы көпбалалы аналар Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі алдына жиналды. Олар күн сайын қымбаттап жатқан азық-түлік бағасы мен әлеуметтік жағдайдың төмендігіне шағымданды. Шәпкеновтен жауап сұрай келген топқа министр шықпаған соң, олар жоғары биліктегілерге қарай бет алды. Алайда жолды бөгеген арнайы жасақ жиналған топты ары асырмады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Информбюроға” сілтеп хабарлайды.

Жиналғандар бұған дейін бірнеше рет түрлі министрлікке хат жазып, үндеу жолдаса да мардымды жауап ала алмаған екен. Енді олар халықтың әлеуетіне жауап беретін министрлік басышысымен тікелей жүздесуге келген. 

"Бірінші мәселе ол баспананың қолжетімсіздігі. Бүгінгі таңдағы "Бақытты отбасы", "Шаңырақ" бағдарламалары бойынша әлеуметтік осал топқа үй алу мүмкін емес. Екінші мәселе, азық-түліктің бағасы", - дейді қоғам белсендісі Қанағат Шүменова.

Халықтың тұрмысын түзеу үшін аналар барлық балаға 18 жасқа дейін 42500 теңге жәрдемақы төленуі керек дейді. Өйткені соңғы кезде мекенжай бойынша берілетін әлеуметтік төлемнің де көлемі қысқарып қалыпты.

Ал министр орнына шыққан министрлік өкілі бұл мүмкін емес екенін айтады. 

Министрліктің басқарма басшысының жауабына қанағаттанбаған азаматтар жоғары билік пен депутаттармен тілдесеміз деген үмітпен топтасып үкімет үйіне бет алды. Ал, дәл осы уақытта мәжілісте бала күтіміне төленетін жәрдемақыны үш жасқа дейін көтеру, жалға берілетін үйді сатып алу құқығын қайтару, әр балаға 18 жасқа дейін орташа айлық есептік көрсеткіш көлемінде жәрдемақы төлеу мәселесі қаралып жатқан еді.

"Әлеуметтік осал топқа сай келетін тұрғын үй бағдарламасын әзірлеу. Оның пайыздық мөлшерлемесі 0-ге тең және алғашқы жарнасы болмауы керек", - деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айжан Сқақова.

Сондай-ақ депутаттар ауылдық жерде тұратын әр отбасыға 20 жүздік жер беру керек деген де ұсыныс айтты. Алайда әр қазақстандыққа заң бойынша тиесілі 10 жүздік берілмей отырғанда депутаттардың бұл ұсынысы айды аспаннан алып бер дегенмен бірдей сияқты.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр