Нұр-Сұлтанда компьютерлік томографтар тәулік бойы жұмыс жасайтын болды

Елордада науқастарға жедел медициналық көмек көрсетуді және қамтуды арттыру мақсатында барлық компьютерлік томографтардың жұмысы тәулік бойы жұмыс режиміне ауыстырылды, деп хабарлайды Stan.kz ақарат агенттігі. 

Бұл туралы үкімет отырысында қала әкімі Алтай Көлгінов айтып берді. 

Компьютерлік томография COVID-19 туындаған өкпедегі пневмонияны және басқа патологияларды ерте анықтауға мүмкіндік береді. Маусым-шілдеде елордада барлығы 20 мыңға жуық кеуде қуысы бойынша зерттеулер жүргізілді.

"Екі компютерлік томограф келеді. Қаладағы 17 ұйымда томограф пен рентген аппараттары жұмыс істеуде. Масым-шілде айларында 20 мыңнан астам адам тексеруден өтті. Бүгіннен бастап компьютерлік томграфпен тұрғындарды тәулік бойы тексеру жүргізіледі", - дейді Көлгінов. 

Осылайша, елордада 17 КТ машинасы бар, олардың барлығы тәулік бойы жұмыс істейді. Елорда әкімдігі тағы екі КТ аппаратын сатып алып, қалаға шілде айының соңында жеткізілетін болады. Сонымен қатар, қаладағы барлық 14 мемлекеттік және 2 жеке емханаларда рентген аппараттары бар, олар өкпеде патологияны анықтауға мүмкіндік береді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр