Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда қоғамдық көлік өртенді

Нұр-Сұлтанда маршруттық автобус өртенді. Төтенше жағдайлар министрлігі өкілдері зардап шеккендердің жоқ екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"27 шілдеде сағат 14:45-те Керей-Жәнібек хандар көшесі мен Түркістан көшелерінің бойында автобус өртеніп жатқаны туралы хабар келіп, өрт сөндіру бөлімшелері жіберілді. Қызметкерлер автобустың қозғалтқыш бөлігі өртеніп жатқанын анықтады. Өрт сағат 14:58-де сөндірілді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ", – деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Өртті сөндіруге Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД жеке құрамының бес адамы мен бір техникасы жұмылдырылған.


Гүлсезім Мұхатай
Сәрсенбі, 27 Шілде, 2022 15:34
Талқылау