Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Күйеуін қорқытпақ болған: Нұр-Сұлтанда 32-қабаттан салбырап тұрған әйел жұртты шошытты

Нұр-Сұлтанда қыз бала 32-қабаттан салбырап тұрған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Нұр-Сұлтанда қыз бала 32-қабаттан салбырап тұрған

Елорданың орталығындағы "Северное сияние" тұрғын үйлерінде 32-қабаттан салбырап тұрған қыздың суреті желідегі парақшалардың бірінде жарияланған. 

"Нұр-Сұлтан, Северное сияние, қыз 32-қабаттта салбырап тұр", - деп жазды олар.

Алайда, ешқандай төтенше жағдай тіркелмегені белгілі болды.

Желідегілер қыз баланың бұл әрекетін түсінбей әлек болған. Олардың көп бөлігі бұл суретке сенімсіздік танытып, фотошоп деп түсінсе, басқалары ол селфи жасап жатыр, терезе жуып жүр, бәстен жеңіліп қалды деп болжаған. Сонымен қатар, өзіне қол жұмсап, өмірімен қош айтысқалы жатыр дегендер де табылды.

Оқиға орнына тәртіп сақшылары келіп, келіншек пен оның күйеуін Есіл аудандық полиция басқармасына жеткізген.

"Тексеру кезінде күйеуімен ұрысып қалғаннан кейін, осылайша күйеуін қорқытпақ болғанын түсіндірді. Төмен секіретін ойы болмаған", - деп хабарлайды полиция департаменті.

Медициналық сараптаманың нәтижесі бойынша ерлі-зайыптылар мас күйінде болғаны анықталды. 

Қоғамдық тәртіпті бұзып, азаматтардың тыныштығын бұзғаны үшін олар әкімшілік жауапқа тартылатын болады.

STAN.KZ
Жексенбі, 28 Шілде, 2019 09:09
Талқылау