Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда карантин шектеулері жеңілдеді

Нұр-Сұлтанның бас санитар дәрігері қалада карантин талаптарын жеңілдетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Елорданың бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысына сәйкес тұрғындар қаладағы нысандарға кіру үшін "Ashyq" мобильді қосымшасын пайдалану қажет.

Мына нысандардың жұмысына “Ashyq” жүйесімен жұмыс істеуге рұқсат етіледі: 

  • йога және спа-орталықтары, фитнес-клубтар;
  • моншалар, сауналар, бассейндер;
  • PlayStation клубтарын қоса алғанда, компьютерлік клубтар;
  • боулинг клубтары;
  • кинотеатрлар;
  • театрлар мен филармониялар;
  • стрит-фудтарды қоспағанда, қоғамдық тамақтану объектілері, жазғы алаңдар, фуд-корттар, банкет залдары;
  • асхана типіндегі қоғамдық тамақтану нысандары;
  • облысаралық және қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар;
  • облысаралық және облысішілік тұрақты тасымалдар;
  • бильярд клубтары;
  • концерт залдары;
  • ерікті қатысушылар;
  • караоке;
  • көрмелер;
  • океанариум;
  • марафондар;
  • көрермендер қатысатын спорттық іс-шаралар;
  • әуежайлар;
  • лотерея клубтары және лотерея сататын өзге де орындар;
  • балалардың (жабық) ойын-сауық орталықтары;
  • цирктер;
  • отельдер, қонақ үйлер;
  • халыққа қызмет көрсету орталықтары;
  • темір жол вокзалдары және автовокзалдар;
  • базарлар, сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, сауда желілері;
  • балаларды сауықтыру орталықтары;
  • букмекерлік конторалар;
  • сұлулық орталықтары мен салондары, шаштараздар, маникюр мен педикюр қызметтерін көрсету, косметикалық және косметологиялық қызметтер көрсету салондары; барлық меншік нысанындағы және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдары;
  • спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары;
  • білім беру ұйымдарында білім алушылардың тұруына арналған жатақханалар мен интернаттар;
  • діни бірлестіктер объектілері;
  • ойын клубтары (казино);
  • түнгі клубтар.

Нұр-Сұлтанда бұқаралық іс-шараларға, марафондар, спорттық, отбасылық, еске алу іс-шараларды қоса алғанда, оның ішінде үйде (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу және т.б.) өткізуге және оларға қатысуға, "Ashyq" жобасына қатысатын іс-шараларды өткізуді қоспағанда, сондай-ақ митингілер, шерулер, жиындар және т. б. ұйымдастыруға және қатысуға тыйым салынады. 

“Ashyq” жүйесіне қосылмаған немесе тыйым салынған нысандарға баруға шектеу қойылды. 

Сонымен қатар, қалада маска режимі сақталады. Бас санитар дәрігер арақашықтық сақтауды ұмытпауды ескертті. 

Талқылау