Нұр-Сұлтанда қарақшының тұрғын үй подъезінде әйелге шабуыл жасағаны видеоға түсіп қалған
Нұр-Сұлтанда подъезде әйелге қарақшы шабуыл жасап, мойнындағы алқасын жұлып алған. Полиция ұрыны ұстады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме беріп.
Күдікті 62 жастағы әйелді қоғамдық көлікте заттармен келе жатқанын көрген. Сол кезде мойнындағы алтын алқаны байқаған. Әйел автобустан түскен кезде ер адам оның соңынан еріп, подъездге де кірген. Жәбірленуші баспалдақпен көтеріліп бара жатқанда арт жағынан шабуыл жасап, мойнындағы алқасын жұлып алған. Қылмыс бейнебақылау камерасына түсіп қалған.
- Нұр-Сұлтанда төрт бөлмелі пәтер төңірегінде жанжал шықты: Жүкті әйел алты баласымен далада қалмақ
- “Әкімнің кеңесшісі болып жұмыс істеді”. Атыраудағы ерлі-зайыптылардың өлімі туралы қосымша деректер шықты
Сол күні қарақшы ломбардқа 140 000 теңгеге құны 300 000 теңге тұратын әшекей бұйымын өткізген.
Жедел іздестіру іс-шаралары барысында Сарыарқа ауданының полиция қызметкерлері күдіктіні ұстаған. Ол бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталған 30 жастағы ер адам болып шықты.
"Тонау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмысты мойындаған ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Заттай айғақтар ломбардтан алынып, иесіне қайтарылды.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
