Нұр-Сұлтанда "Хан шатыр" маңында болған жаппай төбелес видеоға түсіп қалды
Нұр-Сұлтанда жаппай төбелес болды. Оқиға кезінде түсірілген бейнежазба Instagram-да жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Төбелес "Хан Шатыр" сауда орталығының жанында болған. Кадрдан бірнеше жігіттің бір-бірін ұрғанын көруге болады.
Нұр-Сұлтанның ПД-нің баспасөз қызметінен хабарлағандай, 1 тамыз күні сағат 20.40-та жедел басқару орталығының "102" пультіне "Хан Шатыр" СОО жанында жастар төбелес шығарғаны туралы хабарлаған.
"Кәмелетке толмаған оқиға қатысушылары сол жерде ұсталды. Оқиғаның себебі екі жасөспірім арасындағы қарым-қатынасты нақтылау екендігі анықталды. Осы жәйтке байланысты ҚР ҚК-нің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде", - деп хабарлады полициядан.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”