AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда Еуразиялық банктің 5 жылдан бері проблемалық борышкеріне айналған Antares Platinum құрылыс компаниясының баспасөз конференциясы өтті

Нұр-Сұлтанда Еуразиялық банктің 5 жылдан бері проблемалық борышкеріне айналған Antares Platinum құрылыс компаниясының баспасөз конференциясы өтті.

Компаниялар тобының заңгері Виктория Меленцова Antares Platinum компаниялар тобының банк алдындағы қарызы 19 миллиард теңгені құрайтынын хабарлады. Компания үшін бұл соманы ауыр және тым қомақты деп санайды Кредит желісі 2014 жылы 9 миллиард теңге мөлшерінде ашылғанымен, толық игерілмеген. Қарыз алушы девальвациядан кейін қарызды өтеуде қиындықтар пайда болғанын, сондай-ақ оларды өздері қатысқан кейбір мемлекеттік жобалардың тұралап қалуымен байланыстырады.

Өз тарапынан банк қарыз алушы компанияның қызметінен алаяқтық белгілерін байқады. 19 миллиард теңгеге дейін өскен қарыз өсімпұлдар мен айыппұлдардың себебінен пайда болды, өйткені соңғы бес жылда компания қарызының бір тиынын да төлемеді.  Банктің пайымдауынша, Антарестің қарызды төлей алмауы девальвация салдарынан емес, ол мемлекеттік келісімшарттар жасасқаннан кейін ол қаражатты мақсатсыз пайдалануға жол берген.  Ақтөбе облысының әкімдігі Antares Platinum туберкулез диспансері құрылысын жүргізу жөніндегі міндеттемелерінің орындалмағаны үшін банкті 1 миллиард теңгеден астам кепілдік төлеуге мәжбүр етті.  Кейін банк бұл соманы қарыз алушыдан өндіріп алу үшін сотқа жүгінді және қылмыстық іс қозғау туралы өтініш берді.

Меленцованың айтуынша, Antares Platinum компаниясына сот шешімімен оңалту ұсынылған, бірақ компаниядан 19 млрд теңге қарызының бар екеніне келісуді талап еткен банк оған қол қойған жоқ. Компания енді 5 жыл бойы банк алдында қарыздар болғандықтан, қызметін дұрыс жүргізе алмағанын, тіпті ел резидентіне жүгінгенін алға тартып отыр. 

Осыған байланысты банк Antares Platinum ЖШС өкілдерінің жария мәлімдемелерін "Antares Platinum" компаниялар тобының лауазымды тұлғаларының берешекті төлеуден және азаматтық, қылмыстық жауапкершілікке тартылудан жалтару үшін сот, тергеу органдары мен жұртшылықты жаңылыстыру мақсатында жасап отырған кезекті айласы деп түсінетінін мәлімдейді. 

Банктің ақпаратына сүйеніп айтар болсақ, 2020 жылы қарыз алушы 1,2 млрд теңгеден астам мөлшерде пайда көрген, алайда оның бір де бір тиынын банк алдындағы борышын өтеуге және жұмыскерлеріне жалақы төлеуге жұмсамаған. Көп жыл бұрын банктен алған кредитті қайтармауға және құрылысты жүргізбеуге болады, тіпті бұл үшін Мемлекет басшысының көмегіне жүгінуге болады деген қисындары еш ақылға сыймайды.

Екі бизнес субъектісінің дау-дамайын қоғамдық кеңістікке шығаруы президент жариялаған реформалар толқынындағы ақпараттық соғыстардың басталғанын көрсетеді. Елде экономикалық күйзелістер орын алып, қазақстандықтар қаржы тұрғысынан қиналып жатқан кезде кейбір қайырымсыз қарыз алушылар қарызын қайтармау немесе оны азайтуды сұрау үшін жария мәлімдемелері, ашық хаттары және президентке шағымдану арқылы пайда көрудің кез келген мүмкіндігін қайтадан пайдаланып қалуға тырысуда.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр