Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда ерлі-зайыптылар элиталық дүкендерден киім ұрлаған

Елордалық полицейлер сауда үйлерінің бутиктерінен элиталық киімдерді ұрлады деген күдікпен ерлі-зайыптыларды ұстады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.  

ұрлық

Нұр-Сұлтанның полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ерлі-зайыптылар күндізгі уақытта сауда-ойын-сауық орталығының бутиктеріне кіріп, қымбат ерлер мен әйелдер киімдерін таңдаған. Арнайы құрал көмегімен киім ауыстыру бөлмесінен қорғаныс құралдарын алып тастаған.

Ұрланған мүлікті олар базарлар аумағында төмендетілген бағамен сатқан, кейбір заттарды өздері киген.

Шығын сомасы анықталып жатыр. Қазіргі уақытта 29 жастағы ер адам мен оның 26 ​​жастағы әйелі ұсталды.

ҚР ҚК-нің "ұрлық" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, олардың астана аумағында бұрын жасалған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріледі.

STAN.KZ
Сенбі, 20 Маусым, 2020 11:57
Талқылау