Нұр-Сұлтанда ер азамат көңілдесі мен пәтер иесін пышақтап өлтірген
Нұр-Сұлтанда азаматтық некедегі әйелі мен өзі жалдап тұрып жүрген пәтердің иесін өлтірді деген күдікке ілінген ер азамат ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Полиция мәліметінше, пәтерден пышақ жарақатын алған 26 жастағы әйел мен 68 жастағы ер адамның мәйіті 16 қыркүйекте сағат 10.00-де табылған.
“Аталған факті бойынша полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Марқұмның 34 жастағы бұрынғы көңілдесі адам өлтірді деген күдікпен ұсталды. Ерлі -зайыптылар арасында жанжал туындап, оны пышақтап тастағаны анықталды. Жанжалға қатысқан қызды қорғаған 68 жастағы пәтер иесі де көптеген жарақат алған”, – делінген ПД хабарламасында.
Күдікті артынша ол қылмыс орнынан ізін суытқан.
“Аталған факті бойынша ҚР ҚК 99 -бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізілуде. Күдікті Нұр-Сұлтан қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды”, – деп қосты ПД өкілдері.
Талқылау

Қазақстандық блогерлер "лотереяға" тыйым салатын заңды айналып өтудің жолын тапты
Былтырдан бері 113 адам жауапқа тартылып, 50 миллион теңгеден астам айыппұл салынған екен

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
Алтынай: "Қазақстанда пәтер ақысы, несие, бала-шағаға айлықты жеткізе алмай қиналатынымыз рас”