AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда ер адам 88 жастағы зейнеткерді тонап кеткен

Нұр-Сұлтанда криминалды полиция қызметкерлері 88 жастағы зейнеткерді тонады деген күдікпен ер адамды тұтқындады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

кісен

Зейнеткер полиция шағым түсіріп, түнгі уақытта белгісіз біреудің өзін тонап кеткенін мәлімдеген.

"Белгісіз біреу түнгі уақытта зейнеткердің есігін қаққан. Қария есікті ашқан бетте соққы алған. Ұры зейнеткерден алтын жүзігін шешіп алған. Әрі қарай бөлмеге кіріп, тағы бір алтын жүзікті алып кеткен", - деді полициядағылар.

Анықталғандай, күдікті Затаевич көшесінде жалдамалы пәтерде тұрған. Қарама-қарсы пәтерде қарияның жалғыз тұратынын білген ол үйді тонамақ болған. 

Нұр-Сұлтан полицейлері 28 жастағы күдіктіні қолға түсірді. Алтын бұйымдарды ломбардқа өткізіп үлгерген. Бұған дейін де ұрлық үшін сотты болған. 

"Нұр-Сұлтан полициясы азаматтарға, әсіресе қарияларға сыртқы есікті құлыптау керегін ескертеді. Пәтерге бөтен адамды кіргізбеңіздер", - дейді Сарыарқа аудандық полиция басқармасының басшысы Қуаныш Орынбетов. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр