Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда екі жүк көлігінің қатысуымен ауыр жол апаты орын алды (видео)

Нұр-Сұлтанда екі жүк көлігінің қатысуымен ауыр жол апаты орын алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Сәрсенбіде сағат 09: 06-да Қошқарбаев көшесінен әл-Фараби көшесімен келе жатқан КамАЗ қоқыс көлігі жолдың шетінде тұрған Volkswagen Golf автокөлігіне соғылған.

Соққы әсерінен көлік екінші бағытқа үшіп кетіп, ол сол бағытта келе жатқан Hyundai Grand Starex-ке соғылды.

Апат салдарынан екі көлік қарсы бағыттағы жолаққа шығып кетіп, онда Volkswagen Golf көлігіне қарай келе жатқан КамАЗ-бен соқтығысқан.

Бұл кезде Хюндай Лада Калинаны қағып кетеді. Машина да қарсы бағытта келе жатқан.

Апат салдарынан Volkswagen Golf-тің 27 жастағы жүргізушісі жарақат алды. Ол ауруханаға жеткізіліп, тексеруден өткен соң үйіне жіберілді.

Жаппай апат фактісі бойынша анықтама жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Еске салсақ, осыған дейін Нұр-Сұлтанда төрт көлік пен автобус соғылғаны туралы жазған болатынбыз. 

Талқылау