Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда екі адамды өлімнен құтқарып қалды: Полиция майоры мен төтенше жағдайлар қызметкеріне құрмет көрсетілді

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі полиция майоры мен төтенше жағдайлар қызметкеріне құрмет көрсетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтанда екі адамды өлімнен құтқарып қалды: Полиция майоры мен төтенше жағдайлар қызметкеріне құрмет көрсетілді

Суға батып бара жатқан қос аруды құтқарып қалған нұр-сұлтандық азаматтарға қала әкімі құрмет көрсетті. Полиция майоры мен төтенше жағдайлар қызметкері көмекке мұқтаж жандарға жәрдемдесіп, екі адамның өмірін арашалап қалған. 

"Өзінің қызметімен үлгі болып жүргенін айтқымыз келеді. Бұл азаматтық және қызметтік борышын дұрыс атқарғанының көрінісі", - дейді Алтай Көлгінов. 

Өз борышын адал атқарып, екі адамның өмір сүруіне септігін тигізген азаматтар болған оқиғаның мән-жайын түсіндіріп берді. Басында қыздарды ойнап жатыр деп ұғынған олар, артынша олардың суға батқанын байқап, көмекке жүгірген. 

"Айқайлап кетті. Ойнап жатқан шығар деп ойласам, қыз судың астына кетіп, тұншығып бара жатты. Біріншісін мен шығардым. Екіншісін төтенше жағдайлар қызметкері алып шықты", - дейді Руслан Саидов.

Талқылау