Нұр-Сұлтанда демалыс күндері үй маңындағы азық-түлік дүкендері ғана істейді

Нұр-Сұлтанда демалыс күндері азық-түлік дүкендері ғана жұмыс істейтін болады, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

магазин

"20-21 маусым аралығында елордада тек үй маңындағы азық-түлік дүкендері жұмыс істейтін болады. Жұмыс кестесі сағат таңғы 10-нан кешкі 17-ге дейін. Демалыс күндері барлық сауда орталықтары, сауда үйлері, желілік дүкендер, жабық азық - түлік және азық-түлік емес базарлар, базарлар/дүкендер қызметі тоқтатылады", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Шешімді қаланың бас санитарлық дәрігері Жанна Пралиева түсіндіріп өтті.

"Қазір қалада вирус жұқтырудың екі ошағы: отбасылық және ұжымдық екенін ескере отырып, қалада "үй демалысын" енгізу туралы шешім қабылданды. Қазір біз, дәрігерлерге, жұғу қарқынын төмендетіп, алдын алу керек. Әйтпесе, инфекция қарқын ала бастайды. Қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін кәсіпорындар мен үй жанындағы азық-түлік дүкендері ғана жұмыс істейтін болады. Тіпті, базарлар да жабық болады. Қала тұрғындары сенбіге дейін қажетті өнімдерді сатып алуы керек. Бірақ дүрлігіп кетек емес, себебі азық-түлік дүкендерінде үйге қажетті барлық заттар бар. Бұл күндері адамдар үйде отыруы керек. Қажетсіз үйден шықпаңыз", - деп атап өтті ол.

Бұдан басқа, 20-21 маусымда дәріханалар мен қоғамдық тамақтандыру объектілерінің көше форматындағы ашық ауада жұмыс істеуіне рұқсат етіледі. Қатаң санитарлық нормалардың сақталуын есепке ала отырып.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр