Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда дәрігерлер мен мұғалімдерге пәтерлі болды

Нұр-Сұлтан әкімдігі, ҚИК, ДСМ мен БҒМ бірлесе отырып дәрігерлер мен мұғалімдерге пәтер кілтін тапсырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында білім беру мен денсаулық сақтау саласының мамандары жаңа пәтерге ие болды. Тәуелсіздік күнімен тұспа-тұс келген қуанышқа қала әкімі Алтай Көлгінов, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның Басқарма төрағасы Айдар Әріпханов, "Қазақстан Ипотекалық Компаниясы" ИҰ" АҚ-ның Басқарма төрағасы Әділ Мұхамеджанов және тиісті министрліктің өкілдері қатысты.

Бірінші болып сөз алған Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов "Нұрлы жер" бағдарламасы мен үшжақты меморандумның арқасында бүгін 150 отбасы баспаналы болды деп атап өтті.

"Бүгін еліміз үшін өте маңызды мереке - Тәуелсіздік күні қарсаңында мұғалімдер мен дәрігерлерге қуанышты хабар айтқалы отырмыз. Олар бүгін көптен күткен пәтерлеріне ие болады. Дәрігерлер пандемиия кезінде алғы шепте тұрып, вируспен күресте үлкен ерлік көрсетті. Білім және мәдениет саласының қызметкерлері де бүгін ұзақ күткен баспаналарына қол жеткізді. Қала әкімдігі биыл шамамен 1000 отбасыны пәтермен қамтамасыз етеміз деген жоспар қойған. Келесі апта қала әкімдігінінде кезекте тұрған адамдарға, атап атсақ, көп балалы отбысалырға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, әлеуметтік осал топ өкілдеріне пәтер береміз", - дейді әкім.

Көлгіновтің айтуынша, қаланың оң жағалауындағы жаңа аудандардың бірінен салынған тұрғын үй кешені Қазақстан Ипотекалық Компаниясымен бірге салынған жоба. Сондай-ақ, әкім қала қарқынды дамып жатқанын, сондықтан, пәтерге мұқтаж адамдарды бір дегенде пәтермен қамтамасыз ету мүмкін емес дейді.

"Біз үнемі халықтың мұқтаж тобын үймен қамтамасыз ету бір жылда шешіле қоятын мәселе емес дегенді айтамыз. Шынымен, бұл мәселе осылай кезең-кезеңімен шешіледі", - дейді Көлгінов.

Ал, "Бәйтерек" холдингінің басшысы Айдар Әріпханов мұғалімдер мен дәрігерлер алған пәтерлер бойынша көп жеңілдік барын түсіндірді.

"Осы тұрғын үй беру талаптары сатып алу құқығымен 20 жылға жалға беріледі, ай сайынғы жалдау төлемі шаршы метрі үшін 1455 теңгеден аспайды. "Бәйтерек" холдингі "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасын бұдан была да сапалы әрі мерзімінен кешіктірмей жүзеге асыра бермек”, - дейді Әріпханов.

Алтай Көлгінов айтып өткендей, пәтер жаңа аудандардың бірінде, "Нұрлы жол” жаңа теміржол вокзалының маңында орналасқан. Жақын жерде №1 Көпбейінді қалалық ауруханасы, №2 Көпбейінді қалалық балалар ауруханасы, №57 және №13 орта мектептер, сауда орталықтары мен азық-түлік дүкендері сияқты әлеуметтік нысандар орналасқан.

Пәтер кілтіне ие болған азаматтар арасында облыстық және қалалық ауруханалардың қызметкерлері, жоғары оқу орындарының профессорлары, кафедра меңгерушілері, дәрігерлер, педагогтар, фельшерлер, медбикелер, Л.Н Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы, Ұлттық тестілеу орталығы, Травматология және ортопедия ҒЗИ, Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық, Ұлттық нейрохирургия орталығы және қалалық және республикалық маңызы бар басқа да мекемелердің қызметкерлері бар.

Ал, Қазақстан ипотекалық компаниясы" ИҰ" басшысы Әділ Мұхамеджановтың айтуынша, пәтер алатын азаматтардың тізімін БҒМ мен ДСМ ұсынған.

"Пәтерлер денсаулық сақтау министрлігі мен білім және ғылым министрлігі ұсынған тізімдегі адамдар арасында үлестірілді. Сонымен қатар, пәтер алған адамдар арасында Төтенше жағдай департаменті қызметкерлері, мәдениет саласының қызметкерлері бар. Тізім ұсынылғаннан кейін министрліктер мен әкімдіктер арасында тұрғын үй комиссиялары жұмыс істеп, үміткерлердің төлем қабілеттілігін анықтадық. Барлық процедурадан өткен азаматтармен келісімшарт жасастық. Түптеп келгенде, пәтердің көбі әрине мұғалімдер мен дәрігерлерге бұйырды”, - дейді Мұхамеджанов.

Әуел баста атап өткендіміздей, үй “Нұрлы жер” бағдарламасының аясында және «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ИҰ» АҚ, Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, Денсаулық сақтау министрлігі мен Білім және ғылым министрлігі арасында қол қойылған меморандум аясында салынған. Мұғалімдер мен дәрігерлер үшін сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйді қаржыландыруға Қазақстан Ипотекалық Компаниясы меншікті және қарызға алынған қаражаттан шамамен 40 млрд теңге бөлген.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр