Нұр-Сұлтанда бұрынғы иесі адам жалдап, сатып жіберген көлігін ұрлатқан
Нұр-Сұлтан қаласында бұрынғы иесі автокөлікті адам жалдап ұрлатқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Сағат 02.00 шамасында жедел басқару орталығына Кемеңгерұлы көшесіндегі үйдің жанында автокөлік ұрланғандығы туралы хабарлама келіп түсті. Дереу қаланың барлық полиция бөлімшелеріне нұсқау берілді. Ұстау жоспары жарияланды. Полицейлер Өндіріс көшесімен айналма жолға қарай жылжып бара жатып, артқы нөмірі жоқ автокөлікті байқады. Дауыс зорайтқыш құрылғы арқылы олар көлікті тоқтатып, көліктің маркасы мен түсі бағдар бойынша сәйкес келетіндігін анықтады. Жүргізушінің көлік басқару құжаттары болмай шыққан. Зардап шегуші оқиға орнына келіп, көлігін таныды", - делінген полиция хабарламасында.
Көлікті айдап алып кеткен 33 жастағы ер адам көліктің бұрынғы иесі одан жәбірленушіге сатқан көлігін ұрлауды сұрағанын мойындаған. Оған көліктің кілттерін және автокөліктің орналасқан мекен-жайын ұсынған ер адам көрсетілген қызметі үшін 160 мың теңге төлеген.
Аталған факт бойынша қылмыстық кодекстің 1-бөлігі 200-бабы бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.
"Полицейлер өте тез әрекет етті, оларды жарты сағатта ұстады. Олар тез жұмыс істеді. Мен тіпті көлік табылады деп күткен жоқпы", - дейді көліктің иесі.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
