Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда блок-бекеттер орнатылып, сауда орталықтары жабыла ма: Жағдай белгілі болды

Нұр-Сұлтан қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Айгүл Шағалтаева блок-бекеттер қойылып, сауда және ойын-сауық орталығының жабылуы және астанадан шыққан кезде ПТР тестілеу талаптарын енгізу туралы сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Кешеден бері "қызыл" аймаққа кіргенімізді ескере отырып, блок-бекеттерін орнату мәселесі қарастырылуда. Егер науқастар саны өсетін болса, санитарлық бекеттер құрылатын болады", - дейді Шағалтаева. 

Ол Нұр-Сұлтаннан кету кезінде міндетті түрде ПТР тестілеу нәтижелерін енгізу мәселесі республикалық деңгейде шешілетіндігін айтты.

"Демалыс, мереке күндері сауда ойын-сауық орталықтарының жұмысына шектеу енгізілген. Нұр-Сұлтан қаласында карантинді күшейту мен шектеу шараларына қатысты қаулы жобасы дайындалуда. Бірақ бүгінгі күнге дейін қаулы әлі қабылданған жоқ. Сауда орталығы әлі ерте. Бұл әлі де қарастырылуда. Осы демалыс күндері, вирус жұқтырғандар санының көптігін ескеріп, базарлар мен сауда орталықтары жабылуы мүмкін", - дейді ол.

Еске салсақ, осыған дейін Нұр-Сұлтанның бас санитарлық дәрігері карантиннің қатаңдатылатынын айтқан болатын. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр