Нұр-Сұлтанда блок-бекеттер қойыла ма? Қаланың бас санитар дәрігері жауап берді

Нұр-Сұлтанның бас санитар дәрігері Сархат Бейсенов қаланың шекарасында блок-бекеттер қоюды қарастырмағанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әзірге елордада толық локдаун енгізу жоспарда жоқ. Сол себепті блок-бекеттер де қойылмайды.

"Қабылданған шаралар өз әсерін береді деп сенеміз. Алдағы уақытта эпидемиялогиялық жағдайдың өзгеруін бақылаймыз. Әзірге блок-бекеттер қою жоспарда жоқ", – деді Сархат Бейсенова брифингте сөйлеген сөзінде.

Оның сөзінше, Нұр-Сұлтандағы медицина мекемелері қазіргі таңда келіп түсіп жатқан пациенттерді қабылдауға қауқарлы. Бүгінде елордадағы стационарлар 74% толған. 

Айта кетейік, бүгін Сархат Бейсенова Нұр-Сұлтанда карантин шектеу шараларын қатаңдату туралы жаңа қаулыға қол қойды. Оған сәйкес, ойын-сауық орталықтары, сауда орталықтары мен үйлері және тағы басқа қоғамдық орындардың жұмыс уақыты қысқарып, демалыс күні жұмысын тоқтатады.

Бұдан басқа, қашықтан оқытуға 9, 11 (12) сынып оқушыларын қоспағанда барлық студенттер көшеді.

Қоғамдық тамақтану объектілеріне демалыс күндері жұмыс істеуіне тыйым салынады.


Нұр-Сұлтан қаласына арналған 2021 жылдың ораза кестесі

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр