Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда бір топ әйел зейнет жасын 58-де қалдыру талабымен министрлік алдына жиналды

Нұр-Сұлтанда бір топ әйелдер зейнет жасын 61-ден 58-ге төмендету туралы талаппен еңбек министрлігінің алдына жиналған. Олар қартайған шақта жұмыс істеудің қиын екенін айтып, шағымдануда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.

Бұған дейін әйелдердің зейнетке шығу жасын 58-де қалдыру туралы арнайы петиция жарияланған еді. Әлеуметтік желі арқылы тараған бұл үндеуге 35 мың әйел қол қойған.

Дегенмен еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Назгүл Сағындықова пандемия кезінде халықтың, әсіресе әйелдердің денсаулық көрсеткіші төмендеп, өмір сүру ұзақтығының қысқарғанын айтып, сол себептен Президент Жолдауына сәйкес, 2028 жылға дейін зейнет жасы 61 жасқа дейін қалатынын айтты.


Талқылау