Нұр-Сұлтанда білім беру басқармасы ата-аналардың оқушылармен бірге ҰБТ-ға келмеуін сұрады

Нұр-Сұлтанның білім беру басқармасының басшысы Шолпан Қадырова ата-аналарды оқушылар ҰБТ тапсыратын кезде оқу орындарының алдына жиналмауға шақырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

ұбт

Басқарманың мәлімтеінше, биыл елордада 6 515 оқушы мектеп бітіреді екен. Олардың 6199 (95%-ы) ҰБТ тапсыруға өтініш білдірген. 

Осы жылы ҰБТ 20 маусым мен 5 шілде аралығында өтеді. Тестілеу өтетін орындарда қатаң санитарлық талаптар сақталады дейді жауапты азаматтар. 

"Түлектердің ата-аналары мен жақындарына оқушылар ҰБТ тапсыратын кезде олармен бірге келмеуді сұраймыз. Осылайша біз балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз еткіміз келеді", - деді басқарма басшысы. 

ҰБТ 3 сағат 50 минутқа созылады. Бұл жолы сынаққа төртінші тоқсанда сабақта өтілген сұрақтар қосылмайды екен. 

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр