Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда бетпердесіз жолаушыларды автобустан шығарып жібереді

Елордада жолаушыларға бетпердесіз қоғамдық көлікте жүруге тыйым салынады, бұл туралы City Transport Systems (бұрынғы Астана LRT) ескертті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

автобус

CTS мәліметтері бойынша, көліктік бақылау департаментінің қызметкерлері күн сайын таңғы сағат 6-дан бастап аялдамаға шығып, қоғамдық көлік толық тоқтағанға дейін жолаушылармен жұмыс істейді.

"Олар адамдардың бетперде кигеніне көз жеткізіп, қауіпсіздік шараларын түсіндіреді. Егер жолаушыда маска болмаса, олар автобустан шығуды сұрайды", - деді компанияда санитарлық шараларды сақтау туралы.

Компанияның мәліметінше, жолаушылар салоны 50%-ға толған кезде жүргізуші аялдамаға кіре берісте алдыңғы есікті ашпайды.

"Бірақ жолаушыларды шығару үшін екінші және соңғы есікті ашады. Барлық шаралар қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қолданылады", - деп қоғамдық көлікті пайдалану ережелерін түсіндірді CTS.

11 мамырдан бастап Қазақстанда төтенше жағдай алынып, елордада карантин шаралары едәуір жеңілдеді. Қалалық автобустар іске қосылғаннан бері қоғамдық көліктерде жолаушылар санының өсуі байқалды.

"Егер 12 мамырда автобустардың жолға шығатын алғашқы күні 146 907 адам болса, 15 мамырда – 237 969 адам. 15 мамырдан бастап автобустар таңғы 6:00-ден 22:00-ге дейін жүреді", - деп атап өтті CTS.

Бұған дейін компания тұрғындар санитарлық нормаларды сақтамаса, қоғамдық көліктер қайтадан тоқтатылуы мүмкін деген мәлімдеме жасаған болатын.

 

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр