Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда белгісіз біреулер жол жөндеп жүрген жұмысшыларды пышақтап кеткен

Нұр-Сұлтанда жол құрылысы жұмыстарын жүргізіп жатқан жұмысшыларды белгісіз біреулер соққыға жығып, пышақтап кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Оқиға салдарынан үш жұмысшы пышақ жарақаттарымен қалалық ауруханаға жеткізілді.

Түнде "102" арнасына Алаш тас жолы бойындағы көпірде жаппай төбелес жүріп жатқаны туралы хабар келді. Жол жөндеу жұмыстарымен айналысатын жұмысшылар тобына шабуыл жасалған.

Сағат 00:40 шамасында Lexus автокөлігімен келген ер адамдар жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан жермен өтпек болған. Рұқсат етілмеген жолдан өтпек болған олар жұмысшыларды пышақтап тастады.

“Оқиға орнына жеткен полицейлер көліктің жүргізушісі мен жолаушыны ұстады. Оқиға орнын қарау кезінде жиналмалы пышақ табылды. Қазіргі уақытта төбелестің 29 және 20 жастағы екі қатысушысы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу жүріп жатыр”, – деп мәлімдеді полиция басқармасы. 

Дана Русланқызы
Сейсенбі, 07 Қыркүйек, 2021 10:13
Талқылау