Нұр-Сұлтанда балалар ауруханасындағы науқастар тамақ ішінен құрт шыққанын айтып шағымданды

Қазақстанның ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов №3 көп салалы қалалық балалар ауруханасына шағымданды.

Ол ауруханада баласына берген сорпа ішінен құрт шыққанын мәлімдеді.

«Балам дәлізде үш сағат бойы дәрігердің қабылдауын күтіп отырғанда мен үндемедім. Жедел жәрдем көлігіндегі екі еңгезердей азаматтың нәрестені көтеріп келе жатқан әйеліме сөмке көтерісе алмағанда ешнәрсе демедім. Отбасыма ауыз суды және кейбір заттарды беру үшін достарыма қоңырау шалып, байланыс орнатуға тура келді. Ол кезде де үндемедім», - деп жазды Смағұлов өзінің Facebook парақшасында.

Смағұлов диеталық кешкі астың болмағанда да шағымданбағанын айтты.

«Отбасым диеталық кешкі ассыз қалған кезде де мен ешқайда шағымданған жоқпын. Ол үшін біз күн сайын ақша төлеп отырмыз. Бірақ баламның тамағынан құрт шыққан кезде ең шыдамды адамның да шыдамы таусылады екен», - деді ол. 

№3 қалалық балалар ауруханасының директоры Иран Шаметеков жағдайға қатысты түсініктеме берді.

«Біз кешірім сұраймыз. Біз бұл оқиғаны тексеріп жатырмыз, ауруханада тамақтандыру қызметі аутсорсинг арқылы жүзеге асырылады. Шағымдар жеткізушіге ұсынылады», - деп жазды Шаметеков.

Ол мұндай жағдай енді қайталанбайды деп сендірді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр