AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда балабақша ақысы өзгереді

Елордада балабақша ақысы қайта қаралады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы білім басқармасы мен елордалық Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесі Білім және денсаулық сақтау комитетінің бірлескен отырысында қалалық білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазиев мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Балабақша ақысы 2016 жылдан бері өзгерген жоқ. Яғни, мемлекеттік балабақшаларда ата-аналар бір балаға ай сайын 16 800 теңге, ал жекеменшік балабақшаларда 20 800 теңге төлейді. Бұл сомаға баланың тамағы ғана кіреді. Балабақшада бала төрт мезгіл тамақтанады. Бұл ереже мемлекеттік және жекеменшік балабақшаларға ортақ. Осыған байланысты біз қазір алым сомасын қарап, есеп-қисабын жүргізіп, жаңа құжаттарды дайындап жатырмыз", - деді Сенғазиев.

Оның айтуынша, құжаттар дайын болғаннан кейін қоғамдық талқылауға, одан кейін қалалық мәслихаттың қарауына шығарылады. Жаңа құжаттар бекітілсе, балабақша ақысы өзгереді. Бірақ бұл тек мемлекеттік балабақшаларға қатысты. Ал жекеменшік балабақшаларға қатысты бұл мәселе бөлек қарастырылмақ.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр