Нұр-Сұлтанда ауа қашан тазарады: Министр жауап берді
ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мирзағалиев Нұр-Сұлтандағы ауа сапасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Министр елорданың ауасын тазарту үшін барлық жылу жүйесі газға көшу керек екенін айтты.
"Қала үйлерін газға қосу біртіндеп жүзеге асырылып жатыр. Қазірдің өзінде 300 шақырымнан астам құбырлар тартылды. Мыңнан астам үйге техникалық шарттар мен рұқсаттар берілді. 300-ден астам үй газға қосылды", - деді министр орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Жылуды газға ауыстыру шаралары жүргізіліп жатыр. Алайда көптеген тұрғындар көмір алып қойғандықтан, газга көшуге құлықсыз.
"Елорданың тұрғыны ретінде келесі жылы қаланың ауасы тазарады деп үміттенемін", - деді Мырзағалиев.
Еске салсақ, осыған дейін экология министрі Қазақстанда жануарларды қорғауға бағытталған арнайы заң қабылданатыны туралы айтқан болатын.
Талқылау

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады

"Қуыршақ секілді тістеп ары-бері сүйреді": Алматы облысында 10 жасар баланы иттер талап, сан еті мен құлағын жұлып алған
Екатерина істі сотқа жеткізіп, медициналық анықтамаларды жинап, кейін прокуратураға шағымданбақ