Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда алты жасар бала мысықты 6-қабаттан лақтырып жіберген

Алты жасар бала алтыншы қабаттан мысықты лақтырып жіберген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Кішкентай баланың бұл қылығы бейнебақылауға түсіп қалған. Видео Instagram желісіндегі пабликтердің бірінде тараған. Полицияға қоңырау 4 тамызда түскен көрінеді.

"Елорда тұрғынынан кішкентай баланың мысықты тұрғын үйдің 6-шы қабатынан тастағаны туралы ақпарат келіп түсті. Бұл факт полиция қызметкерлерімен тексерілді. Аталған үйдің тұрғыны 2014 жылы туылған кішкентай бала ауладан мысқты тапқаны анықталды. Мысықты алып ол пәтер көтерілген. Анасы мысықты үйге кіргізбейтінін айтқан. Содан кейін бала мысықты 6-шы қабаттан тастап жіберген. Алған жарақатынан жануар өліп қалған", - деп хабарлады Нұр-сұлтан қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тәртіп сақшылары баланың ата-аналарымен жануарларға қатыгездікпен қарауға жол бермеу туралы профилактикалық әңгіме өткізгенін атап өтті.

"Заңды өкілдер жауапқа тартылады", - деп қорытындылады ДП.

 

Талқылау