Нұр-Сұлтанда, Алматыда және Қарағандыда дәрігерлер коронавирус жұқтырған
Алматыда, Нұр-Сұлтанда және Қарағандыда медициналық қызметкерлер науқастардан коронавирус жұқтырған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы ҚР бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова мәлім етті.
Аталған жағдайға байланысты бас санитар дәрігер медициналық қызметкерлердің инфекциялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы жаңа қаулы жариялады.
"Жаңа қаулыда дәрігерлерге арналған қауіпсіздік шаралары қарастырылған. Өкінішке орай, бүгін Алматы, Нұр-Сұлтан және Қарағандыда медициналық қызметкерлердің коронавирус жұқтырғаны анықталып отыр. Жаңа ережеге сәйкес, ақ халаттылардың жұмысының қауіптілігіне байланысты бірнеше талаптар қойылады", - деді Есмағамбетова.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 369-ға жеткені айтылған болатын.
Қазақстандық дәрігерлерге 3 ай бойы үстемақы төленеді - Тоқаев
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”