Нұр-Сұлтанда 4 жасар бала сырғанақ тебемін деп саусағынан айырылды
Елорданың Байқоңыр ауданында ойынауға арналған сырғанақ төрт жасар баланың саусағын жұлып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды. Ақпаратты Нұр-Сұлтан қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы растады.
"Анасының айтуы бойынша, балаларға арналған сырғанақтың тесігіне ұлының саусағы кіріп кетіп, жұлынып түскен. Травматологиялық орталық деңгейінде жарақатқа алғашқы хирургиялық көмек жасалды. Саусағына гипс салынды. Бала амбулаториялық емделуге шығарылды", - деп хабарлады Нұр-Сұлтан қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Аудандық әкімдік баланың отбасына барлық қажетті материалдық және медициналық көмек көрсетеді.
Сырғанақ балалар ойын алаңынан алынып тасталды.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн