Нұр-Сұлтанда 27 қыркүйек қоғамдық көліктердің қозғалысы тоқтайды
27 қыркүйек, жексенбіде Нұр-Сұлтанда қоғамдық көліктер тоқтатылады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Жексенбі, 27 қыркүйекте Нұр-Сұлтанда автобустардың қозғалысы бір күнге уақытша тоқтатылады. Бұл дезинфекция жұмыстарының жүргізілуіне байланысты болмақ", - делінген хабарламада.
28 қыркүйектен дүйсенбіден бастап қалалық және қала маңындағы маршруттар жұмысын жалғастырады.
Сенбіде қоғамдық көліктер бұрынғыдай жұмыс істейді.
Автобусқа маскасыз кіруге әлі де тыйым салынады, жол ақысы тек банктік аударым арқылы жүзеге асырылады.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн