Нұр-Сұлтанда 15 маусымнан бастап кинотеатрлар мен балабақшалар ашылмайды
Нұр-Сұлтанда Covid-19 жұқтыру қаупіне байланысты 15 маусымнан бастап кинотеатрлар, сауда ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлерінде орналасқан ойын орталықтары, балабақшалар ашылмайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қала әкімдігінде балабақшалар өз қызметін кезекші топтарда жалғастыратынын мәлімдеді.
"Бір топта 15 баладан артық болмауы қажет. Балабақшалар баланы үйде қалдыруға мүмкіндігі жоқ, жұмыс істейтін ата-аналар үшін жұмыс істейді. Мектепке дейінгі ұйымға келмеген жағдайда баланың орны сақталады. Балаларды қабылдау учаскелік педиатрдан баланың денсаулық жағдайы туралы анықтама болғанда ғана жүзеге асады. Баланы балабақшаға қабылдау кезінде тәрбиеші медициналық қызметкердің бақылауымен, ата-ананың қатысуымен міндетті түрде термометрия арқылы баланың температурасын өлшейді", - делінген әкімдік хабарламасында.
Коронавирустың таралу қаупі әлі де бар, сондықтан қатаң санитарлық нормаларды сақтау қажет: бетперде кию, қолды антисептикпен өңдеу, қашықтықты сақтау.
Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықованың сөзінше, санитарлық нормалардың сақталмауы қаланың ауруханаларында толып кетуіне әкелуі мүмкін, бұл дәрігерлер әр науқасқа уақтылы көмек көрсете алмайтындығын білдіруі мүмкін.
"Қауіпті инфекцияға тіпті ең дені сау адамдар да, жастар да төтеп бере алмайды. Сақ болу керек. Бір адамның салғырттығы басқа тұрғындардың денсаулығына әсер етуі мүмкін. Коронавирус санаулы күндер ішінде адамның денсаулығын күрт нашарлатады, өзін-өзі емдеумен айналыспау қажет", – деді Сәуле Қисықова.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
