AAPL
146.06 $
-1.83 %
TSLA
759.49 $
0.33 %
NDAQ
192.9 $
-1.29 %
GOOGL
2816 $
-1.96 %
FB
364.72 $
-2.24 %
FRHC
61.53 $
1.1 %
AAPL
146.06 $
-1.83 %
TSLA
759.49 $
0.33 %
NDAQ
192.9 $
-1.29 %
GOOGL
2816 $
-1.96 %
FB
364.72 $
-2.24 %
FRHC
61.53 $
1.1 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда 10 жасар қыз ашық құдыққа құлап, омыртқасын сындырды

Нұр-Сұлтанда 10 жасар оқушы ашық құдыққа құлап, омыртқасы екі жерінен сынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Астана” арнасына сілтеме жасап. 

Қыздың анасы Найля Уразалиева қайғылы жағдай осы жылдың наурыз айында қалың қар жауғаннан кейін болғанын айтты. 

"Үстіме үлкен тас па, бетон ба құлап кетті. Бетон құлаған кезде мен бірнеше секундқа есімнен танып қалдым. Артынша інілерімнің жылағанын естідім", – дейді жәбірленуші.

Енді Тоғжан үнемі корсет киюге мәжбүр. Алты ай бойы іс сотқа жетпеген. Қыздың анасы тергеу ұзаққа созылып, қылмыскер жазасыз қалады деп қорқады. 

"Бірнеше күннен кейін тергеуші мені шақырып, келуімді сұрады. Мен баламмен ауруханада жатырмын, бара алмаймын дегенде ол өзі келіп, арызды кері алуды сұрады", – деді Найля Уразалиева.

Қыздың анасы арызды қайтарудан бас тартты. Ашық құдық "Астана су арнасы" компаниясының балансына тиесілі болған. 

"Қала маңындағы қарды тазартқан мердігердің жүргізушісі құдықты итеріп жібергені туралы хабарлаған жоқ. Егер бұл көліктің жүргізушісі біздің қызметке хабарласса, апатты болдырмауға болар еді", – деп түсіндірді “Астана су арнасы” баспасөз қызметі. 

Найля Уразалиева миллиондаған өтемақы қажет еместігін айтады. Оның айтуынша, басты мақсат – оқиғаға кінәліні жазалау.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр