Нұр-Сұлтан тұрғынынан дизайнерлік есірткі табылды
Нұр-Сұлтан полицейлері есірткі саудасымен айналысқан күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Елордалық полицейлер 32 жастағы ер адамнан 800 грамм синтетиканы тәркіледі. Ол есірткіні Теміртау, Атырау және Павлодар сияқты республиканың басқа өңірлеріне өткізбек болған.
"Бұдан басқа, тұрғылықты жері бойынша тінту барысында салмағы 850 грамнан асатын күшті әсер ететін "A-PVP" психотроптық заттары бар өлшеп оралған 7 түйіншек тәркіленді. Тәркіленгендердің жалпы салмағы "A-PVP" синтетикалық есірткі құралының бір жарым килограмнан астамын немесе есірткіні тұтыну үшін "синтетиканың" 5000-ан астам бір реттік дозасын құрады, олардың бағасы қара нарықта бөлшек саудадан ақшалай баламада 40 миллион теңгеден асады", - деді полицияда.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі ("есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу") бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Ұсталған азамат Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.
"Тергеу жүріп жатыр. Қылмыстық істі тергеу аясында елордаға есірткі жеткізуге қатысы бар қылмыстық тізбектің басқа қатысушыларын анықтау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде, - деп толықтырды ведомствода.

"Насыбай секілді жиіркенішті заттардың қалдықтары жатыр": Сайран жағалауын қоқыстан тазартқан жігіт желіде мақтау жинады
