Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтанның аяғы жоқ тұрғыны Эвересті бағындырды

Мария Әуезова Эверестті бағындырып, 5 мың метрден астам биіктікте орналасқан лагерьге жетті. Ерекшелігі сол - Мария аталған шыңға аяқсыз жетті.

Бұл туралы астаналық әйелдің өзі Instagram парақшасында хабарлады.

«Бұл мүмкін емес деген еді. Бірақ біз мұны жасадық! Бұл қиын жол болды! Дененің әр сантиметріне енген ауырсыну, тер, көгерген аяқтар. Бірақ әрбір қиындық жеңіске жетеледі. Өзіңді жеңдім, өзімнің қорқынышым мен сенімсіздігімді жеңдім!»- деді шыңдарды бағындырушы Мария Әуезова.

Енді Марияның мақсаты басқа - протездердің үстінде тұрып, қайтадан барлық жолмен жүру. Экспедиция 10 күнге созылды. Орта есеппен Мария күн сайын 300 метрге көтерілді. Оның айтуынша, бірінші күні оттегі жетіспеді. Тәжірибелі альпинист Вадим Цхе Марияның қасында болды, оның арқасында акклиматизация сәтті өтті.

«Мария, әлемдегі алғашқы аяғы жоқ қыз, осы ерлікті жүзеге асырды. Тәртіп, еңбекқорлық, өзін-өзі жетілдіру, көз жасын төгу, ауырсыну, үмітсіздік .... Бірақ аяғыңа тұрып, өзіңнің жолыңды жалғастыру арманына берілу - өзіңе сенімділікті береді», - деді альпинист Вадим Цхе.

"Жолда біз әртүрлі елдерден келген көптеген адамдармен кездестік, барлық жігіттер "сіздер қай елдің адамысыздар?" деп қатты таңданды. Біз мақтанышпен "Қазақстан" деп жауап берді Марияның күйеуі Мұхтар Әуезов.

Эверестті бағындыруға бел буған альпинистердің жолында міндетті түрде тоқтайтын екі базалық лагерь бар - солтүстік (Тибеттен 5150 метр биіктікте) және оңтүстік (Непалдан, 5 шақырым 364 метр биіктікте). Дәл осы биіктікті Мария Әуезова бағындырды. Эвересттің өзі 8 километр 848,86 метр биіктікте.

Талқылау