Нұр-Сұлтан тұрғындары қай жерде коронавирусқа тест тапсыра алады
Нұр-Сұлтанның бас санитарлық дәрігері Сәуле Қисықова қала тұрғындары қай жер коронавирусы анықтайтын тест тапсыра алатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Сәуле Қисықова тегін ПТР тестті кімдер тапсыра алатыны туралы мәлімет берді. Егер коронавирус белгілері байқалмаса бекерге тест тапсырудың ешқандай мәнісі жоқ екенін жеткізді ол.
"Вирус жұқтырғандармен жақын байланыста болғандар немесе ЖРВИ, пневмониясы бар науқастар коронавирусқа тестті аумақтық емханада тапсыра алады. Мұнда тестті тапсыру қажеттілігі нақтыланады", - деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Сонымен қатар, бас санитарлық дәрігер тегін тест тапсыратын ауруханалардың тізіміміен бөлісті.
"Бұл топқа жататын тұрғындар тестіні №6, №9 поликлиникаларда және аумақтық поликлиникаларда тапсырып жатыр. Сондай-ақ, қала тұрғындары өз еріктерімен тест тапсырғысы келсе, оны ақылы түрде тапсыра алады. Қаладағы 8 зертханада алдын ала жазылу бойынша тест тапсыруға болады. Қазіргі таңда барлық зертхана жұмыс істеп тұр", - деді Сәуле Қисықова.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
