Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтан "қызыл" аймаққа кіруге шақ қалды

Нұр-Сұлтан коронавирустың таралуы бойынша "қызыл" аймаққа жақындап қалды. Елімізде "қызыл", "сары", "жасыл" аймақтардың тізімі жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

COVID-19 эпидемиологиялық жағдайын бағалау матрицасына сәйкес Қазақстан аймақтарындағы 14 қаңтардағы жағдай бойынша келесі жағдайлар қалыптасты:

Ақмола және Қостанай облыстары "қызыл" аймақта;

"Сары" аймақта - Нұр-Сұлтан, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстары;

"Жасыл" аймақта - барлық басқа аймақтар. 

Нұр-Сұлтан "сары" және "қызыл" аймақтардың артасында орналасқан.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін денсаулық сақтау вице-министрі, бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов Қазақстандағы коронавирустың екінші толқыны туралы жариялаған болатын. Оның айтуынша, Қазақстанда коронавирусқа қатысты жағдай соңғы бір айда нашарлаған.

Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирустық инфекцияның 834 жаңа жағдайы тіркелді. Елде барлығы 165 311 жағдай расталды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр