Нұр-Сұлтан полицейлері бір күнде екі рет суицид жасамақ болған жігітті құтқарды
Нұр-Сұлтандық полицейлер бір күнде екі рет суицид жасамақ болған жігітті құтқарып қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Қазақстан ұлттық арнасына сілтеме жасады.
Оқиға түскі екі жарым кезінде Алаш тас жолы бойындағы көпірде болған. Алдымен биіктен секірмек болған жігітті сол жерден өтіп бара жатқан жолаушы құтқарған. Ал екінші мәрте оқталғанда оқиға орнына жедел жеткен полицейлер Данабек Сағындық пен Нұрбол Нұржігітов жігітті қолынан ұстап үлгереді.
"Оның кәмелет жасқа толғанын, 1999 жылғы екені анықталды. Мән-жайды түсініп келсек, қиналғанмын дейді. Әлеуметтік жағынан, психологиялық жағынан көмек көрсетіліп жатыр", - қалалық полиция департаментінің аға лейтенанты Данабек Сағындық,
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”