Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтан мен Солтүстік Қазақстанда онлайн-алаяқтардың ұйымдасқан қылмыстық тобы құрықталды

Нұр-Сұлтан мен Солтүстік Қазақстан облысында арнайы операция барысында интернет-алаяқтардың ұйымдасқан қылмыстық тобының мүшелері ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

опг мошенник

Ұсталғандардың IT-технологиялар, психология саласында білімдері бар. Мұны олар алаяқтық қызметтеріне қолданған.

“Топ үш айда құрылған. Әр қатысушының өз рөлі болған. Мысалы: ұйымдастырушылар үйлестірушілердің рөлін атқарып, алаяқтық жолмен алынған ақша қаражаттарын аудару мен алуға лимиттерді көтеруге нұсқау берді, топтың басқа мүшелері төлем карталары ресімделетін адамдарды – “дропперлерді” таңдады. Оларды қылмыскерлер бұрын сотталған, балалар үйінің түлектері, студенттер және жай ғана аңқау адамдар арасынан таңдаған”, - делінген хабарламада.



Сонымен қатар төлем карталары ұйымдасқан қылмыстық тізбек бойынша Қазақстан қалаларындағы топтың басқа қатысушыларына банкоматтардағы қаражатты одан әрі қолма-қол ақшаға айналдыру үшін берілгені айтылған.

Ұсталғандардың барлығы Нұр-Сұлтан және Петропавл қалаларының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Олардың үшеуі бұрын ұрлық, көлік ұрлығы, бұзақылық үшін сотталған.

Полиция мәліметінше, бүгінгі таңда интернет-алаяқтықтың 64-тен астам эпизоды анықталған. Келтірілген шығын сомасы шамамен 200 млн теңгені құрайды.

Талқылау