Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтан мен он екі облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Еліміздің бас қаласы мен бірқатар аймақтарында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.  

"Қазгидромет" РМК хабарлауынша, 11 тамыз күні Нұр-Сұлтанда найзағай ойнап, күндіз бұршақ жаууы мүмкін.

11 тамызда Ақмола облысының солтүстік, шығысында найзағай ойнайды. Күндіз облыстың шығысында бұршақ жаууы ықтимал. Түнде және таңертең солтүстік-батысында және шығысында тұман түседі. Облыстың солтүстік-батыс, шығысында күндіз солтүстіктен жел соғып, екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

11 тамызда Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Күндіз оңтүстікте, шығыста солтүстіктен соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

11 тамызда Павлодар облысының оңтүстігі мен шығысында нөсер жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, түнде тұман түсіп, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Облыстың солтүстік, шығыс және оңтүстігінде жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді. Сол күні түнде Павлодар қаласында тұман түсіп, күндіз найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғып, күн күркірегенде екпіні 18 м/с дейін жетеді.

11 тамызда Қарағанды облысының солтүстік бөлігінде қатты жаңбыр жауып, күн күркірейді. Түнде облыстың солтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-шығыс, шығыстан соғатын жел екпіні найзағай кезінде 15-20 м/с жетеді.

11 тамызда күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде нөсер жаңбыр жауады. Түнде солтүстік бөлігінде, күндіз басым бөлігінде найзағай жарқылдап, шығысы мен оңтүстігінде бұршақ жаууы ықтимал. Солтүстік-батыстан соғатын жел екпіні күндіз шығыста, оңтүстік бөлігінде15-20 м/с жетеді. Бұл күні Өскеменде найзағай ойнайды.

11 тамызда күндіз Абай ауданының солтүстігінде қатты жаңбыр жаууы мүмкін. Облыстың басым бөлігінде найзағай ойнап, батысы мен оңтүстігінде бұршақ жаууы ықтимал. Солтүстік-батыстан соғатын жел, күндіз батыста, оңтүстігінде 15-20 м/с жетеді. 11 тамызда Семейде найзағай жарқылдайды.

11 тамызда күндіз Батыс Қазақстан облысында күн 37 градусқа дейін ысиды. Оралда күндіз 36 градус ыстық болады.

11-12 тамызда Атырау облысында күндіз ауаның температурасы 39 градусқа дейін көтеріледі. Облыстың солтүстігінде өрт шығу қаупі сақталады. Атырау қаласында 11-12 тамызда күндіз 38 градус ыстық сақталады.

11 тамызда күндіз Ақтөбе облысының батысында 36 градусқа дейін қатты ыстық болады деп күтілуде.

11 тамызда күндіз Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында 38 градусқа дейін қатты ыстық сақталады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел екпіні облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с жетеді.

11 тамызда Қызылорда облысының басым бөлігінде және Қызылорда қаласында төтенше өрт қаупі сақталады.

11 тамызда Түркістан облысының таулы аймақтарында таңертең және күндіз найзағай жарқылдайды. Солтүстік-шығыстан жел соғып, таңертең және күндіз тау асуларында екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді. Облыстың оңтүстігі мен шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Талқылау