Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтан мен Алматыдан жүретін кейбір пойыздардың қозғалысы тоқтатылды

Нұр-Сұлтан мен Алматыдан жүретін кейбір пойыздардың қозғалысы тоқтатылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Елімізде пойыз жолаушыларына айыппұл салынбайды"Жолаушылар тасымалы" АҚ ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің келісімі бойынша жалғасып жатқан қолайсыз эпидемиологиялық жағдайға және енгізілген карантиндік шараларға, сондай-ақ жолаушылар ағыны мен жолаушылар поездарының толу деңгейінің төмендеуіне байланысты поездардың қозғалыс кестесін өзгертті.

Жолаушылар поездарының жүруі уақытша тоқтатылады:

1) №258/257 "Нұр-Сұлтан-1 – Достық" Нұр-Сұлтаннан 2020 жылдың 1 - 9 тамызда шығатын және Достықтан 10 тамыздан бастап келетін;

2) №25/26 "Алматы-2 – Шымкент" Алматыдан 2020 жылдың 2 - 12 тамыз аралығында шығатын және 13 тамыздан бастап Шымкенттен келетін;

3) №4/3 "Нұр-сұлтан – Нұрлы жол – Алматы-2" Нұр-Сұлтан - Нұрлы жол 11 тамыздан бастап және Алматы-2 12 тамыздан бастап.  Бұл ретте, аталған поездың рейстері келесі күндер бойынша тоқтатылады: Нұр-сұлтан - Нұрлы жол 4, 6, 8 және 10 тамыз, Алматыдан-2 - 5, 7, 9 және 11 тамыз. 

Сондай-ақ, жолаушылар поездарының жүру жиілігі уақытша қысқарады. 

"Бұрын аталған поездарға жол жүру құжаттарын (билеттерін) ресімдеген жолаушылар қайта ресімдей алады және ақшалай қаражатты толық көлемде ала алады, сондай-ақ басқа баламалы поездарға билеттерді сатып ала алады. Жол жүру құжаттары (билеттер) үшін төлемдерді қайтару билетті сатып алу тәсіліне байланысты қолма - қол және қолма-қол ақшасыз есеп айырысу арқылы жүргізіледі", - деп хабарлады компаниядан.

Темір жол қатынасы Атырау және Маңғыстау облыстарын қоспағанда, республиканың барлық өңірлерінде сақталған. Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша барлық анықтамалық ақпаратты "105" нөмірі бойынша алуға болады.

Ұлттық тасымалдаушы жолаушылардан қабылданатын шараларға түсіністікпен қарауды, коронавирустық инфекцияның таралуы кезінде белгіленген санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауды, сондай-ақ бұрын билеттер сатып алынған пойыздардың мәртебесін мезгіл-мезгіл тексеруді сұрайды.

STAN.KZ
Сенбі, 01 Тамыз, 2020 14:01
Талқылау