AAPL
148.56 $
1.2 %
TSLA
643.38 $
-0.91 %
NDAQ
187.76 $
1.31 %
GOOGL
2660.3 $
3.58 %
FB
369.79 $
5.3 %
FRHC
65.1 $
0.73 %
AAPL
148.56 $
1.2 %
TSLA
643.38 $
-0.91 %
NDAQ
187.76 $
1.31 %
GOOGL
2660.3 $
3.58 %
FB
369.79 $
5.3 %
FRHC
65.1 $
0.73 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтан маңындағы ауыл халқы сусыз отыр: Әкімдік бұл жағдайға тұрғындардың өзін кінәлауда

Нұр-Сұлтан маңындағы ауыл тұрғындары жазғы маусымда әр тамшы су үшін күресуге мәжбүр. Жеке үйлердің иелері бақшаcын суаруды айтпағанда, шәйнекке су таба алмай қиналуда, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.  

Қоянды тұрғындары үшін күн сайын кез келген бос ыдысқа тамшылап су жинау – үйреншікті іс. Ауыл тұрғындары жыл сайын жаз келгенде суды дүкеннен сатып алуға немесе астанадан бес литрлап әкелуге мәжбүр. Кранда бар су тұрмыстық қажеттіліктің өзіне әрең жететін көрінеді.

“Олар суды қостық дейді. Алайда ол краннан тек тапшылап тұр. Шелекті толтыру үшін жеткіліксіз. Қайта біздің жолымыз болды. Біздің көшелерімізде кішкене болсын су бар. Қала шетінде, тіпті орталық сумен жабдықтау жүргізілмеген. Біз үнемі әкімге барамыз, бірақ ол не істей алады?”, – дейді Медетхан Бұғай. 

Алайда тұрғындар жергілікті әкімге тағы бір рет айту мүмкіндігінен бас тартқан жоқ. Олар мұндай жағдайда жылдан жылға өмір сүру қиындап бара жатқанын айтып, ашуланып отыр. 

“Менің балам – мүгедек. Дәретханаға бара алмайды. Біз оны жуындыру үшін су таба алмай қиналамыз. Мен әкімге миллион рет қоңырау шалып, бірдеңе жасауды өтіндім. Бірақ ештеңе өзгермеді. "Су арнасына" хабарлас дейді. Онда, әрине, ешкім ештеңе шешпейді. Біз сонда не істеуіміз керек?”, – дейді ауыл тұрғыны Дина Мейірбекқызы. 

Орталықтандырылған сумен жабдықтау жобасы барлығы 880 абонентке есептелген. Қазір жүйеге 3 есе көп үй қосылған. Сондықтан барлық адамдар үшін қысым жеткіліксіз. Әкімдік мұндай жағдайға тұрғындардың өзін кінәлап отыр. 

“Жаз айларында қатты ыстықта суды көп жинап, шаруашылық, бау-бақша, басқа да қажеттіліктерге пайдаланады. Осыған байланысты шеткі көшелерге тапшылық сезілуде. Қазір екінші бөлікті ауыз сумен қамтамасыз ету үшін жобалау құжаты дайындалып жатыр”, – дейді Қоянды әкімі Айбек Есеев.

Мәселені уақытша шешу үшін шенеуніктер су тасымалдауды ұйымдастыратындарын айтты. Желіге таралып кеткен суреттерден, суды ішу денсаулыққа қауіпті екенін аңғаруға болады. Алайда жергілікті билік мұндай айыптаулармен келіспейді.

“Иә, біз сумен жабдықтауды ұйымдастырдық. Біздің қызметкер бұл істің жанында болды. Барлық адамдар қуанды. Бірақ, шамасы, біреу лас шелек әкелген болуы керек. Біздің тараптан бәрі таза. Машинаның құжаттары бар, біз оны ай сайын хлормен тазалаймыз”, – "Целиноград Су арнасы" Қоянды филиалының директоры Арман Бердімұратұлы.

Ауыл тұрғындары кем дегенде екі жыл жақсы су қысымынсыз өмір сүруге мәжбүр болмақ. Қазір сумен жабдықтау жобасы бойынша барлық қажетті құжаттар дайындалуда. Бұл процесс жыл соңына дейін аяқталмайды. Қояндықтар тек 2024 жылдан бастап, еш қиындықсыз душ қабылдап, бақшаларын суара алатын сияқты.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр