Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырғандардың басым бөлігі 30 жастан асқан адамдар
Елордадағы эпидемиологиялық жағдай және COVID-19-ға қарсы вакцинацияға дайындық туралы онлайн баспасөз-конференциясында қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Бейсенова Сархат Сағынтайқызы мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Шектеу шаралары нәтижесінде қаладағы эпидемиологиялық жағдай жақсаруда. Санитарлық дірігер қаланың "сары" аймаққа өткенін айтты.
"Уақытылы қабылданған шектеу және карантиндік шаралардың арқасында 30 қаңтардан бастап COVID-19 коронавирустық инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес қала "сары аймаққа" көшті. 2020 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда ауру (2438 жағдай) 1,5 есе немесе 30 % - ға өсу байқалады, 2021 жылғы қаңтардың басынан бастап 3763 жағдай тіркелген", - дейді бас санитарлық дәрігер.
Астаналықтар арасында ауырғандардың 24,5%-ының негізгі үлесін 30-39 жастағы адамдар құрайды.
- 50 мен одан жоғары жастағы адамдар - 22,7 %-ды, 18-29 және 40-49 жастағы топтар бойынша 16%-ды, балалар – 16,7 %-ды құрайды.
- Оқу жылының басынан бастап оқушылар арасында 752 жағдай тіркелді, оның ішінде қашықтықтан оқытуда- 80% (596), оффлайн оқытуда- 20% (156).
- Қазіргі уақытта қалада 952 жұмыс істеп тұрған үй ошағы бар, онда 2446 байланыста болған адамдар дәрігерлердің бақылауында.
- Қалада коронавирустық инфекцияның зертханалық диагностикасы кеңейтілді, осы мақсатта тәуліктік қуаттылығы 12 750 зерттеу жасайтын КВИ диагностикасы бойынша 23 зертхана іске қосылды.
- Орташа алғанда тәулігіне 4000-нан 5000 мыңға дейін зерттеу жүргізіледі.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
