"Нұр-Сұлтан қаласы 15 қазаннан бастап жабылады": ДСМ ақпаратқа түсініктеме берді
WhatsApp мессенджерінде Нұр-Сұлтанның жабылуы және қала айналасында блок-бекеттердің қойылуы туралы тарап жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Денсаулық министрлігі тауарлар мен қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті бұл ақпаратты жоққа шығарды.
"Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласын 15 қазаннан бастап карантинге жабу және блок-бекеттер орнату мәселесі қарастырылып жатқан жоқ", - делінген хабарламада.
Ведомствода әлеуметтік желілердегі жалған ақпаратқа бой алдырмауды және тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұрайды: тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің ресми сайты мен Facebook әлеуметтік желісіндегі аккаунты, сондай-ақ коронавирусты таратпау жөніндегі ВАК Telegram-арнасы.
"Көрінеу жалған ақпарат тарату ҚР ҚК 274-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады", - делінген ВАК-тың COVID-19 таратпау жөніндегі Telegram-арнасында.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
