Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтан қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова қызметінен кетті

Нұр-Сұлтан қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова қызметінен кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл ақпаратты елордалық денсаулық сақтау басқармасы растады. 

Сәуле Қисықова басқа жұмысқа ауысуына байланысты бөлім бастығы қызметінен кеткен. Ол қызметінен осы аптада босаған. Сәуле Кисикова президент әкімшілігінің медициналық орталығының меңгерушісі болып тағайындалды. Ол бұл қызметті ресми түрде 14 шілдеден бастап атқарады.

Елордалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін басқарма бастығының орынбасары Әлия Рүстемова атқарады.

Бұған дейін, 25 маусымнан бастап Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі қызметін атқарып келе жатқан Алексей Цой президент әкімшілігінің медициналық орталығының басшысы болған.

Осыған дейін, Қисықова Нұр-Сұлтанда бүтін бір отбасылар жаппай коронавирус жұқтырып жатқанын айтқан олатын. Сонымен қатар, ол коронавирус жұқтырған симптомсыз адамдар назардан тыс қалмайтынын жеткізген. 

Талқылау