Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтан ауруханаларында госпитализация уақытша тоқтатылды

Эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты Нұр-Сұлтан қаласының ауруханаларына жоспарлы түрде госпитализациялау тоқтатылды, деп хабарлады Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Қаланың ауруханаларында консервативті және хирургиялық емдеуге жоспарлы госпитализация 2020 жылдың 15-маусымынан бастап тоқтатылды", - дейді қала әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Мемлекеттік ауруханаларда басқа ауруларға арналған шұғыл операцияларды ғана жасайды, сонымен қатар шұғыл түрде ауруханаға жатқызылады.

Бұған дейін, төтенше режим наурыз айының ортасы мен 11-мамыр аралығында елордада науқастарды жоспарлы түрде госпитализациялау тоқтатылған болатын. Енді 15-маусымнан бастап бұл жүйе қайта енгізілді. 

Жедел көмек қаланың барлық ауруханаларында толық көлемде көрсетіледі.
 

STAN.KZ
Дүйсенбі, 15 Маусым, 2020 12:09
Талқылау